Президент 2022 жылды – Балалар жылы деп жариялады.

Мұндағы мақсат – өскелең ұрпақты қорғау мақсатында ең алдымен билік тарапынан денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасау. Қасым – Жомарт Тоқаев өз сөзінде балалардың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы – біздің жалпы ұлттық міндетіміз, – деп баса айтты.

Бүгін «Астана Тазалық» ЖШС кәсіпорынының ұйымастыруымен дәстүрлі «Баланы мектепке даярлайық!» республикалық акциясы өтті. Аталмыш акция аясында кәсіпорын жұмысшыларының 1 сыныпқа баратын 51 оқушысына көмек көрсетілді. Акция шеңберінде балалар кеңсе керек-жарақтарымен және мектеп портфелімен қамтылды.

Компания кәсіподақтың қолдауымен “Баланы мектепке даярлайық!” қайырымдылық акциясын бірнеше жыл қатарынан өткізіп келеді.
Портфель тізіміне кеңсе тауарларының 32 атауы енгізілген.

Мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған бүлдіршіндерімізге:
Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, Отан сүйгіштік рухтарының мықты болуын тілейміз. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін!- демекпіз.

https://www.instagram.com/p/CXNfNLMMQew/