“Астана Тазалық”: демалыс күндері қаламыздан 23124 м³ қар шығарылды.

Қаңтардың 10-11 күндері “Астана-Тазалық” коммуналдық қызметкерлері 23 мың текше метр қарды қала сыртына орналасқан арнайы полигонға шығарып, қала тұрғындарының жайлылығын қамтамасыз етті.

Тәулігіне 600-ге жуық арнайы техника, және 650-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды.

Бүгінгі қолайсыз ауа-райында “Астана Тазалық” ЖШС ұйымы қала тұрғындара мен қонақтарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуға, сондай-ақ қолайсыз ауа райы жағдайында алыс сапарлардан бас тартуға шақырады.