![]()
ЕСАЛИЕВ Альберт Темірболатұлы
Бас директор
«Астана Тазалық» ЖШС
Өмірбаяны
Еңбек жолын білім беру саласында бастап, тарих пәнінің мұғалімі және мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.
Кейін Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімінің аппаратында еңбек етіп, бас маманнан бастап мемлекеттік қызметтер мониторингі және бақылау бөлімінің меңгерушісіне дейінгі қызметтік сатылардан өтті.
2011–2022 жылдар аралығында Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарында басшылық қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Шыңғырлау ауданы әкімінің орынбасары, Шыңғырлау ауданының әкімі, сондай-ақ Казталов ауданының әкімі қызметтерін атқарды. Әлеуметтік-экономикалық даму, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, халықты жұмыспен қамту және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелеріне жетекшілік етті.
2022–2024 жылдары «Астана Innovations» АҚ-да қаржылық қамтамасыз ету департаментінің қаржы директоры және риск-менеджер қызметтерін атқарып, қаржылық тұрақтылық пен тәуекелдерді басқару бағыттарына жауапты болды.
2024 жылдан бері “Астана тазалық” ЖШС да материалдық-шаруашылық жөніндегі орынбасары, кейіннен бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.
![]()
ПАШАНОВ Эржан Айтмаханұлы
Бас директордың бірінші орынбасары
«Астана Тазалық» ЖШС
Өмірбаяны
2026 жылдың 9 сәуірінен бастап «Астана Тазалық» ЖШС-ның бас директорының бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Еңбек жолын 2003 жылы коммерциялық құрылымдарда бастап, өндірістік үдерістерді ұйымдастыру мен басқару саласында мол тәжірибе жинақтаған.
2019 жылдың қараша айынан «Астана Тазалық» ЖШС-да механикаландырылған жинау жөніндегі бригадир, 2021 жылдың ақпанынан бастап өндірістік-техникалық бөлімнің бас маманы қызметтерін атқарған.
2024 жылғы сәуірден бастап өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы болып, бөлім тиімділігін арттыру бағытында жұмыс істеді.
![]()
Бас директордың орынбасары
«Астана Тазалық» ЖШС
Өмірбаяны
2024 жылдың 19 маусымынан бастап «Астана Тазалық» ЖШС бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
2009 жылы еңбек жолын жол участкесінің шебері болып бастаған. 2010 жылдың 2 тамызынан бастап «Құрылыс консалтинг ұлттық орталығы» АҚ ШҚ облыстық филиалының техникалық қадағалау инженері, 2012 жылдың маусым айына дейін ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті ММ жұмыс жасады.
2012-2014 жылдары Қазақстан Республики Көлік және коммуникация Министрілігінің Автомобиль жолдары Комитеті сыртқы займдар басқармасында сарапшы, кейін бас сарапшы болып жұмыс істеді.
2014-2022 жылдар аралығында «КазАвтоЖол» ҰК АҚ әртүрлі лауазымдарда жұмыс жасады.
2023 жылдың маусымына дейін Павлодар облысы бойынша “Жол активтері сапасының ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК филиалының директоры болып қызмет атқарды.
![]()


