«Астана Тазалық» ЖШС-не Жаңа Бас директор тағайындалды

Елордадағы «Астана Тазалық» ЖШС директоры қызметіне Есалиев Альберт ТемірболатҰлы тағайындалды.

Альберт Темірболатұлы еңбек жолын білім беру саласында бастап, кейін мемлекеттік қызметте түрлі лауазымдарда абыройлы еңбек етті. 2011–2022 жылдары жергілікті атқарушы органдарда басшылық қызметтер атқарып, аудан әкімінің орынбасары және аудан әкімі лауазымдарында жұмыс істеді.

2022–2024 жылдары «Астана Innovations» АҚ-да қаржы және тәуекелдерді басқару бағыттарына жетекшілік етті.

2024 жылдан бері “Астана тазалық” ЖШС да материалдық-шаруашылық жөніндегі орынбасары, кейіннен бас директордың бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

«Астана Тазалық» қызметкері Президент алғыс хатымен марапатталды

Елордадағы «Астана Тазалық» кәсіпорнының қызметкері Қымбат Қомытова Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.

Марапат мемлекеттік маңызы бар жұмыстарға қосқан үлесі үшін табысталды. Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын дайындау және оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқан.

Құжатта Қымбат Қомытованың азаматтық ұстанымы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және қоғамдық бастамаларды іске асыруға қосқан еңбегі ерекше атап өтілген.

 

«Астана Тазалық» қыс нәтижесін жариялап, қызметкерлерге қолдау шараларын ұсынды

 

«Астана Тазалық» ЖШС қысқы маусымдағы ауқымды жұмыстарын қорытындылап, цифрлық трансформация бағытындағы нәтижелерін таныстырды. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметкерлеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары жария етілді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Кәсіпорын дерегіне сәйкес, қыс басталғалы бері 2,2 млн текше метрден астам қар шығарылды. Күн сайын қала көшелерін тазалауға 600-ден астам арнайы техника мен 750-ден аса жол жұмысшысы жұмылдырылды. Бас директор Замир Сағиновтың айтуынша, қалыптасқан жұмыс жүйесі күрделі ауа райы жағдайында да көшелерді үздіксіз күтіп ұстауға мүмкіндік берді.

Өткен жылмен салыстырғанда техникалар паркі айтарлықтай жаңартылып, маршруттар саны артты, жаяу жүргіншілер аймақтарындағы жұмыстар күшейтілді. Қазіргі уақытта кәсіпорын көктемгі-жазғы кезеңге көшіп, суару-жуу машиналары, вакуумдық техникалар мен арнайы жабдықтарды іске қосты. Жолдарды жуу, аялдамалар мен тротуарларды тазалау, қоқыс шығару жұмыстары бекітілген кесте бойынша жүргізілуде. Бұл жұмыстарға күн сайын 600-ге жуық қызметкер қатысады.

Бүгінде «Астана Тазалықтың» тәжірибесі еліміздің өңірлерінде ғана емес, шетелдік әріптестер арасында да қызығушылық тудырып отыр.

Кәсіпорын енгізген негізгі жаңашылдықтардың бірі – электрондық жол парағы жүйесі. Бұл жүйе арнайы техниканың қозғалысын, орындалған жұмыс көлемін және материал шығынын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жүйе жүздеген техникаға енгізіліп, өз тиімділігін дәлелдеді: жол парағын рәсімдеу уақыты 10 минуттан 1 минутқа дейін қысқарып, жанармай шығыны 10%-ға дейін азайған, өндірістік үдерістердің ашықтығы артқан.

Іс-шара барысында қызметкерлерді әлеуметтік қолдау шаралары да таныстырылды. Атап айтқанда, 7 қызметкерге екінші деңгейлі банктер арқылы ипотека рәсімдеу кезінде бастапқы жарнаның 50%-ын өтеуге арналған сертификаттар табысталды.

Бұған дейін де кәсіпорын әлеуметтік бағыттағы бірқатар жобаларды жүзеге асырған. Өткен жылы жол жұмысшыларына арналған тұрмыстық нысандар жаңартылып, заманауи демалыс бөлмелерімен жабдықталды. Бұл жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен іске асып, Есіл және Нұра аудандарында жалпы ауданы шамамен 1000 шаршы метр болатын 10 нысан жаңғыртылды. Сонымен қатар, қызметкерлерге арналған 17 пәтер және 80 орындық жатақхана пайдалануға берілді.

«Астана Тазалық» тәжірибесі Бішкекте қолданылатын болады

 «Астана Тазалық» ЖШС енгізіп жатқан цифрлық технологиялар елімізде ғана емес, шетелдік әріптестер тарапынан да үлкен қызығушылыққа ие болуда. Тәжірибе алмасу мақсатында елордаға Қырғыз Республикасының Бішкек қаласынан келген делегация кәсіпорынның жұмысымен және заманауи шешімдерімен танысты.

Ұсынылған жүйелердің негізгісі – электронды жол парағы. Бұл арнайы техниканың жұмысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік беретін тиімді құрал. Жүйе арқылы техниканың қозғалыс бағыттары, орындалған жұмыс көлемі және материалдар шығыны толық қадағаланады.

«Астана Тазалық» ЖШС-нің бас директоры Замир Сағыновтың айтуынша, цифрландыру – кәсіпорын дамуының басты стратегиялық бағыты:
«Қазіргі таңда цифрлық шешімдер тек бақылау құралы ғана емес, тиімді басқарудың негізіне айналды. Олар процестердің ашықтығын арттырып, ресурстарды ұтымды пайдалануға және қалалық инфрақұрылымның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді ол. Бүгінде жүйе 393 арнайы техникаға енгізіліп, нақты нәтижелер беруде:

  • Есептілікті автоматтандыру:
  • жол парағын рәсімдеу уақыты 10 минуттан 1 минутқа дейін қысқарды;
  • медициналық тексеруде адам факторы жойылып, техниканы желіге шығару қауіпсіздігі артты;
  • Жанар-жағармай шығынын бақылау:
  • отын деңгейін бақылау датчиктері мен бос жүрісті есепке алу арқылы жыл сайын 10%-ға дейін үнемделеді;
  • техниканы мақсатсыз пайдалану дерлік жойылды;
  • Жұмыс тиімділігін арттыру:
  • нақты уақыттағы деректердің арқасында басқарушылық шешім қабылдау 15%-ға жеделдеді;
  • «өтінім – орындау – акт» тізбегінің ашықтығы тәртіпті күшейтіп, даулы жағдайларды азайтты.

Жобаға деген қызығушылық артып келеді. Бұған дейін жүйені Алматы қаласының коммуналдық қызмет өкілдері зерделеп, қазіргі таңда енгізу жұмыстары басталып, жоба іске асырылу кезеңінде.

Сонымен қатар, жолдарды күтіп-ұстауға жауапты «ҚажСервис» ЖШС бұл жүйені белсенді түрде енгізуде. Бастамаға облыстық және қалалық әкімдіктер, сондай-ақ елорданың коммуналдық кәсіпорындары тарапынан жоғары қызығушылық байқалуда.

Қызметкерлердің қауіпсіздігі де басты назарда. Кәсіпорында «Med365» және «Adal Check» жүйелері қолданылып, күнделікті медициналық тексерулер онлайн режимде бақыланады.

Сондай-ақ, арнайы техника жүргізушінің жағдайын бақылау жүйесімен жабдықталған. Камералар қауіпсіздік талаптарының сақталуын, маршруттан ауытқуды және шаршау белгілерін анықтап, ықтимал қауіптер туралы жедел ескерту жасайды.

«Астана Тазалық» ЖШС цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыра отырып, коммуналдық инфрақұрылымды басқарудың заманауи әрі тиімді үлгісін қалыптастыруда.

 

«Астана Тазалық» ЖШС баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтары танылады және қорғалады. Бұл құқықтар әр адамға тумысынан беріледі. Адам құқықтары мемлекеттің негізгі құндылықтарының бірі болып саналады. Заңдар мен құқықтық нормалар осы қағидаттарға негізделеді.

Жоба мәтінінде Қазақстан Республикасының демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екені көрсетілген. Конституция жобасында мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені атап өтіледі. Әр азаматтың өмірі заңмен қорғалып, құқықтары кепілдендіріледі.

Мемлекеттің құрылымы мен басқару жүйесі де айқын белгіленген. Конституция жобасында Қазақстанның унитарлы мемлекет екені және басқару нысаны президенттік республика екені көрсетілген. Егемендік бүкіл аумаққа таралады.

Мемлекет қызметінің негізгі қағидаттары да маңызды орын алады. Конституция жобасында егемендік пен тәуелсіздікті қорғау, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету басты міндеттердің бірі ретінде белгіленген. Бұл қоғамдағы тұрақтылықты нығайтады.

 

«Астана Тазалық» нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Астана Тазалық» мекемесі әйел қызметкерлеріне арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Қаланың тазалығы үшін күн сайын еңбек етіп жүрген нәзік жандылардың құрметіне арнайы мәдени кеш өтті.

Мерекелік шара қалалық Жастар театрында ұйымдастырылып, сахнада арнайы қойылым ұсынылды. Театрландырылған бағдарлама көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.

Кеш барысында мекеменің әйел қызметкерлеріне гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталып, олардың адал еңбегі мен қаланың көркеюіне қосып жүрген үлесі атап өтілді.

Айта кетейік, «Астана Тазалық» мекемесінде көптеген әйел қызметкерлер ер азаматтармен қатар еңбек етіп, елорданың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып келеді. Мерекелік кеш жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл-күйге толы өтті.

 

 

Мемлекет мәдени мұраны қорғауды қамтамасыз етеді және ұлттық бірегейлікті сақтау үшін жағдай жасайды. Азаматтар тарихи ескерткіштермен және мәдени нысандармен танысу мүмкіндігіне ие. Халықтың шығармашылық бастамалары, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары қолдау табады. Тарих пен мәдениет қоғамдық бірліктің негізі ретінде қарастырылады.

Президент конституциялық талаптар сақталған жағдайда Құрылтайды тарата алады. Алайда төтенше немесе әскери жағдай кезеңінде таратуға тыйым салатын шектеулер белгіленген. Рәсімдер бұл құралды теріс пайдаланудың алдын алуға бағытталған. Саяси қажеттілік пен жүйе тұрақтылығы арасындағы тепе-теңдік сақталады.

 

«Аманат» партиясы «Астана Тазалық» мекемесінде түсіндіру жұмысын өткізді

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Астана Тазалық» мекемесінде жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараға мәслихат депутаты Нұрлан Сүлейменұлы қатысып, реформалардың негізгі бағыттарын түсіндірді.

Кездесу барысында конституциялық реформалардың елдегі саяси жүйені жаңғыртуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді. Сондай-ақ, Мәжіліс пен мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту, партиялық жүйені дамыту және сайлау үдерістеріне енгізілген өзгерістер жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Жиынға қатысқан мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Әсіресе еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктер және жергілікті деңгейдегі шешім қабылдау үдерістеріне азаматтардың қатысуы мәселелері талқыланды.

Шара соңында қатысушылар ел дамуына бағытталған реформалардың маңыздылығын атап өтіп, мұндай ақпараттық кездесулердің ұжымдар арасында жиі өткізілуі қажеттігін жеткізді.

 

Конституция жобасы мемлекеттік органдардың есептілігіне қойылатын талаптарды күшейтеді. Билік қызметі қатаң түрде заң аясында және қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылуы тиіс. Лауазымды тұлғалардың қабылдаған шешімдері үшін жауапкершілік тетіктері бекітіледі. Бұл теріс пайдаланулар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді.