Қазақстан Республикасының елордасын Астанаға көшіруі қала алдына заманауи қалалық ортаны қалыптастыру, тиімді инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік-экономикалық өсім үшін жағдай жасау бойынша ауқымды міндеттер қойды. Астананың санитарлық әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі № 28-1076 қаулысымен Астана қаласының Әділет басқармасында тіркелген «Астана Тазалық» ЖШС құрылды.
Кәсіпорынның құрылтайшылары ретінде Астана қаласы әкімдігі, «Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ атынан және «Астана Горкоммунхоз» АҚ болды.
Бүгінде «Астана Тазалық» ЖШС елорданың коммуналдық кешенінің негізгі кәсіпорындарының бірі болып табылады, ол қаланың, оның маңындағы аумақтардың және елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етеді. Компания қоқысты жинау және шығару, көшелерді, жолдарды, алаңдарды, тротуарларды, өткелдер мен басқа да қоғамдық кеңістіктерді барлық аудандарда қолмен және механикаландырылған түрде тазалауды жүзеге асырады.
Санитарлық тазалау қызметтерін тапсырыс берушілер ретінде аудан әкімдіктері болып табылады:
• «Алматы» ауданы;
• «Есіл» ауданы;
• «Сарыарқа» ауданы;
• «Байқоңыр» ауданы;
• «Сарайшык» ауданы;
• «Нұра» ауданы.
Алға қойылған міндеттерді орындау үшін кәсіпорын дамыған материалдық-техникалық базаға ие, оның құрамына мыналар кіреді:
• Ақжол көшесі, 49 мекенжайындағы жалпы ауданы 16 490,6 м² өндірістік база;
• А. Молдағұлова көшесі, 1А мекенжайындағы жалпы ауданы 2 648,07 м² әкімшілік ғимарат;
• 419 бірліктен тұратын арнайы коммуналдық және автокөлік техника паркі.
«Астана Тазалық» ЖШС шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру қағидаттары негізінде жұмыс істейді және мемлекеттік немесе қалалық бюджеттен қаржыландырылмайды.
