«Астана Тазалық» қысқа дайын!


«Астана Тазалық» ЖШС суық түссімен жолдар мен көпірлерді тазалаудың қысқы кезеңіне шығады. Күздік-қысқы кезеңге дайындық алғашқы қар жауғанға дейін, алдан ала басталады: арнайы техника жөнделіп, дайындалады, құм-тұздық қоспаның қорын жасауға дайындық жүргізіледі. Техникаға маусымдық -техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі, қысқы мамандандырылған аспалы жабдық орнатылады. Жауын –шашын болған кезде асфальттық жабындарды жинау көпірлерден, жолдардан, көше қиылыстарынан, аялдамалардан, мектеп және ауруханаларға апаратын жолдардан басталады. «Астана Тазалық» кәсіпорнының барлық көліктері ақаусыз, қысқы уақыттағы жұмысқа толық дайын.
Алдағы қыс кезеңінде қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатымен, өзінің 381 бірлік техникасының және 300 бірлік жалға алынатын көлігінің шығуы алдын ала ескерілген. Кәсіпорынның барлық арнайы техникасы GPS-навигация жүйесімен қамтамасыз етілген. GPS-диспетчері де тәулік бойы, үздіксіз жұмыс істеп отырады. Операторлар арнайы техниканың жұмыстарын реттеп, жолдардағы жағдайларға үнемі мониторинг жасап отырады. Сонымен қатар, біз мобильдік қосымшада чат ашып, ол көшелерді жинаудың барлық жұмыстарын бақылап отыруға мүмкіндік берді.
2022 жылы жалпы жинау алаңы: 7,6 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде қаланың 219 көшесі, әуежай мен теміржол вокзалына дейінгі жолдар; қалалық алаңдар: «Ақ Орда», «Әзірет Сұлтан», «Нұр Астана» мешіттері; көпірлер және т.б. «Астана Тазалық» ЖШС қарамағындағы аудандарда орналасқан Астана қаласы бойынша екі: «Сарыарқа» және «Алматы» базалары бар. «Сарыарқа», «Есіл», «Байқоңыр» және «Алматы» аудандарының қалалық аумақтарын қысқы күтіп ұстау жұмыстарын сапалы ұйымдастыру және жүргізу үшін, іс-шаралар мен бағдарларының тірек сызбалары әзірленді.
Кәсіпорын жұмыскерлерінің жалпы саны: 1 230 адам, қысқы кезеңде жұмыс істейтін жұмыскерлердің саны: 1 800 адамға жетеді. Барлық көліктер жарамды, ақаусыз күйде жұмысқа дайын, жүргізушілер мен механизаторларды қосымша техникаға қабылдап алу үшін, іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда аудандардың бөлінісінде Серіктестікке бекітіліп, жиналатын алаңдар: «Алматы» ауданы – 51 %, «Есіл» ауданы – 45%, «Сарыарқа» ауданы – 47%, «Байқоңыр» ауданы – 42% құрайды. «Астана Тазалық» ЖШС 2022-2023 жылдардың қысқы маусымына толық дайын.