Елордадағы «Астана Тазалық» кәсіпорнының қызметкері Қымбат Қомытова Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды.
Марапат мемлекеттік маңызы бар жұмыстарға қосқан үлесі үшін табысталды. Атап айтқанда, ол Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын дайындау және оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысқан.
Құжатта Қымбат Қомытованың азаматтық ұстанымы, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге және қоғамдық бастамаларды іске асыруға қосқан еңбегі ерекше атап өтілген.
