«Астана Тазалық» қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

16 сәуір – Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері күніне орай «Астана Тазалық» ЖШС өз ұжымын кәсіби мерекемен құттықтады.

Салтанатты іс-шара барысында кәсіпорынның дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерге алғыс білдіріліп, арнайы сертификаттар табысталды. Бұл марапаттар олардың адал еңбегі мен жоғары жауапкершілігінің нәтижесі.

Бүгінде «Астана Тазалық» қызметкерлері елорданың тазалығы мен көркеюі үшін күн сайын еңбек етіп келеді. Олардың еңбегі – қала тұрғындарының жайлы өмір сүруіне қосылған маңызды үлес.