“Астана Тазалық” қызметкері Астана қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды!

“Астана Тазалық” мекемесінің санитарлық тазалау учаскесінің жол жұмысшысы Күлпейсова Марал Айтбайқызы 2012 жылдан бері табысты еңбек етіп келеді. Биыл оның кәсіпорында қызмет етіп жүргеніне 13 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде ол өз ісіне деген адалдығы мен жоғары жауапкершілігінің арқасында ұжымда зор беделге ие болды.
Күлпейсова Марал Айтбайқызы — еңбекқорлығы, тиянақтылығы және өз міндетіне ұқыптылығымен ерекшеленетін білікті маман. Ол қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету ісінде үлкен үлес қосып, елорданың таза әрі көркем бейнесін қалыптастыруға сүбелі еңбек сіңіріп келеді.
Көпжылдық адал еңбегі мен кәсібилігі жоғары бағаланып, Республика күні қарсаңында Астана қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат — оның еңбегіне берілген әділ баға әрі қызметіне деген құрметтің айқын көрінісі.
“Астана Тазалық” ұжымы Марал Айтбайқызын марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да зор денсаулық, отбасылық береке және еңбекте жаңа жетістіктер тілейді!