«Астана Тазалық» футзал командасы Спартакиадада жүлделі орынға ие болды

🥳«Астана Тазалық» футзал командасы Спартакиадада жүлделі орынға ие болды

🔥 Астана қаласының коммуналдық қызмет мекемелері арасындағы Спартакиада қызу жалғасуда.

⚽ Футзал (кіші аяқдоп) бойынша шешуші ойында біздің команда «Elorda Eco System» командасымен кездесті.

Ойын нәтижесінде «Астана Тазалық» ұйымының құрамасы 7-4 есебімен жеңіске жетіп, жүлделі III орынды иеленді.

Әріптестерімізді бұл жеңісімен құттықтаймыз және жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!💐

📎 Айта кетейік, мұндай спорттық шараға “Астана Тазалық” құрама командаларының белсенді түрде қатысуын ұйымдастырған Кәсіподақ комитетінің де қолдау көрсетуі маңызды.

 

🧑‍🎨 «Астана Тазалық» балаларға арналған сурет байқауын қорытындылады

🔷 Астана, 2024 жыл 17 қазан. Республика күніне орай ұйымдастырылған «Астана Тазалық» ұйымы «Таза қала – Астана» тақырыбында балалар сурет байқауының нәтижесін жариялады. Бұл бастама балаларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, тазалықты сақтау, және туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді нығайту мақсатында ұйымдастырылған.

👨‍👨‍👧‍👦 Сурет байқауына 4 және 16 жас аралығындағы серіктестік қызметкерлерінің балалары қатысты. Байқау екі номинация бойынша өтті: «Астана – болашақтың әлемі» және «Менің тереземнен көрінген әлем». Балалар байқауға әртүрлі стильде орындалған шығармаларын ұсынды. Оның ішінде HiTech, техно және ғарыш тақырыптарындағы туындылар ерекше көзге түсті. Бұл жұмыстар заманауи балалардың шығармашылық ойлау қабілеті мен болашаққа деген көзқарасын айқын көрсетіп, қазылар алқасының таңданысын тудырды.

Марапаттау рәсімінде «Астана Тазалық» компаниясының бас директоры Сагинов Замир Садықұлы балаларды марапаттап, жарқын болашақтарына сәттілік тіледі.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

«Астана – болашақтың әлемі» номинациясында жүлделі орынға ие болған балалар:
• 1 орын – Габдуали Алимансур Ерланұлы
• 2 орын – Муса Мерей Мақсатқызы
• 3 орын – Арин Мадияр Асқарұлы.

«Менің тереземнен көрінген әлем» номинациясы бойынша:
• 1 орын – Амангалиева Илана Айбековна
• 2 орын – Бағыт Бағыткүл Әбікешқызы
• 3 орын – Сахабай Марлен Хасыдолдаұлы, Алтынбек Мухамедәлі, Байахмет Айзереге табысталды.

🎊 Барлық қатысушылар байқауға белсенділік танытып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етті. Кәсіподақ комитеті төрағасы Сымбат Хайроллақызының ұйымдастыруымен бүлдіршіндерге тәтті дастарқан жайылып, аниматорлар балаларға қызықты ойындар өткізді. Байқау қатысушыларына сыйлық сертификаттары, ойыншықтар табыс етілді.

📌 Бұл шара балалардың экологиялық сана-сезімін арттыруға және өнер арқылы туған жерге, Астана қаласына деген құрметті ұялатуға бағытталған маңызды қадам болды. Аталған байқауды ұйымдастыруда Кәсіподақ комитетінің қолдауын ерекше атап өту керек.

 

«Астана Тазалық» компаниясына қатысты форсайт-сессия өтті

Бүгін 16 қараша, «Астана Тазалық» компаниясы “Көшелерді тұрақты күтіп ұстау” мәселесіне арналған форсайт-сессия өткізді. Іс-шараның мақсаты – қаланы тазалау жұмыстарының сапасын арттыруға арналған жаңа идеяларды талқылау, тиімді шешімдерді іздеу және компания қызметін одан әрі жетілдіру.

Форсайт-сессияға BI Group құрылыс холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев қатысып, қаланы тұрақты дамытудағы жеке тәжірибесімен бөлісті. Ол мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, урбанизация жағдайындағы инновациялық тәсілдердің рөлі туралы пайымдады.

Сонымен қатар, «Астана Тазалық» компаниясының бас директоры Сагинов Замир Садықұлы бұл іс-шараның компанияның дамуы үшін үлкен мүмкіндік екенін түсіндірді. Ұйымның даму жолында қолдануға болатын тиімді тәжірибелерді атап өтті.

Шарада Назарбаев Университетінің азаматтық құрылыс және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Чанг-Сон Шон да баяндама жасады. Ол қар мен мұзды тиімді басқару жолдарын, сондай-ақ көктайғаққа қарсы жаңа реагент материалдарын қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.

Іс-шара барысында бизнес-ментор Терекұлов Ержан қатысушылармен бірге жаттығулар мен брейн-шторм ұйымдастырды.

Әкімшілік-басқару персоналы қала көшелерін тиімді күтіп ұстауға бағытталған нақты ұсыныстарын жасап, болашақтағы жоспарларды талқылады.

Айта кету керек, осындай іс-шаралар қаланы тазалау жүйесін жетілдіруге арналған маңызды қадамдардың бірі. Форсайт нәтижесі бірінші кезекте ұйымның жұмыс сапасын арттыруға, сондай-ақ қала тұрғындарының өмірін жайлы етуге бағытталған.

 

Сандар сөйлейді!

Бүгін маңызды цифрамен бөлісеміз — 2 368

📌 Бұл «Астана Тазалық» қызметкерлерінің штаттық саны.

Оның ішінде: 🔹 АУП: 35 🔹 ИТР: 207 🔹 Жұмысшылар: 1 140 🔹 Жүргізушілер мен машинистер: 986

Бұл мамандар қалаымыздың таза әрі ыңғайлы болуына 24/7 қызмет етіп келеді! ✅

ЖЕҢІСТІ КҮН!

🎉 “Астана Тазалық” футзал командасы энергетика және коммуналдық қызмет салалары арасындағы VIII спартакиаданы жеңіспен бастады.

🔹Алғашқы матч «Астана Транзит» командасына қарсы өтті. Ойын динамика мен тартысқа толы болды. Екі ұжым да белсенді шабуылдарымен көзге түсіп, өз шеберліктерін ортаға салды.

⚽️ “Астана Тазалық” сапынан 5 номерлі Садыханов Дәулет және 7 номерлі Махмет Молдабек шебер ойын өрнегін көрсетіп, әрқайсысы 2 доптан соғып, дубль авторлары атанды.

🥳 Командамызды алғашқы жеңісімен құттықтап, алдағы ойындарда сәттілік тілейміз!

📌 Айта кетейік, мұндай спорттық шараларға «Астана Тазалық» құрама командаларының белсене қатысуы Кәсіподақ комитетінің тұрақты қолдауының нәтижесі. Қызметкерлердің бірлігін нығайтуға бағытталған мұндай бастамалар ұжымның тек жұмыс орнындағы ғана емес, спорттық ареналардағы жетістіктеріне де серпін берері сөзсіз.