“Астана Тазалық” мекемесінің санитарлық тазалау учаскесінің жол жұмысшысы Күлпейсова Марал Айтбайқызы 2012 жылдан бері табысты еңбек етіп келеді. Биыл оның кәсіпорында қызмет етіп жүргеніне 13 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде ол өз ісіне деген адалдығы мен жоғары жауапкершілігінің арқасында ұжымда зор беделге ие болды.
Күлпейсова Марал Айтбайқызы — еңбекқорлығы, тиянақтылығы және өз міндетіне ұқыптылығымен ерекшеленетін білікті маман. Ол қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету ісінде үлкен үлес қосып, елорданың таза әрі көркем бейнесін қалыптастыруға сүбелі еңбек сіңіріп келеді.
Көпжылдық адал еңбегі мен кәсібилігі жоғары бағаланып, Республика күні қарсаңында Астана қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат — оның еңбегіне берілген әділ баға әрі қызметіне деген құрметтің айқын көрінісі.
“Астана Тазалық” ұжымы Марал Айтбайқызын марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да зор денсаулық, отбасылық береке және еңбекте жаңа жетістіктер тілейді!
Жаңалықтар
Құрметті абыз ақсақалдар, асыл әжелер!
«Қарты бар үй — қазыналы үй» дейді дана халқымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, парасатты пікірлеріңіз, берер тәлім-тағылымдарыңыз бәрінен қымбат екенін айқындайтын ой.
Бүгінгі сәтті пайдалана отырып, абыз ақсақалдарымыз бен асыл әжелерімізді айтулы мерекелерімен құттықтаймын.
Қашанда аман, қуанышта жүріңіздер!
Құрметпен, “Астана Тазалық” З.Сағынов
ЖШС Бас директоры
Конституцияның 30 жылдығына орай “Астана Тазалық” мекемесінің қызметкерлері қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Бүгін «Астана Тазалық» ЖШС-де Қазақстан Республикасының Президенті мен ҚР Президенті Әкімшілігінің алғыс хаттары табысталды.
Қазақстан Республикасының Президентінің алғыс хаты:
Мұрат Үмбетұлы Мыңжасаровқа,
Талғат Дүйсембекұлы Байболовқа,
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің алғыс хатымен:
Брауэр Инна Викторовна
Әбілдин Медет Елубайұлы
марапатталды.
Бұл қызметкерлердің еңбегінің жоғары бағалануының айғағы және халықаралық деңгейдегі іс-шараны ұйымдастыруға қосқан зор үлесінің дәлелі.
4 Мамыр — Рәміздер күні!
Астаналықтармен бірге Мемлекеттік рәміздеріміз туралы білімдерін сынап көрдік! 📚
Көшеде арнайы сауалнама ұйымдастырып, Ту, Елтаңба және Әнұран жайлы 100 адамға сұрақтар қойдық.
🎁 Дұрыс жауап берген азаматтарға естелік сыйлықтар тарту еттік!
#РәміздерКүні #Қазақстан #Астана #МемлекеттікРәміздер #Патриотизм
https://www.instagram.com/reel/DKeXopCNW99/?igsh=MXBpajYydm4ybnUzcg==
Балалар Астананың таза болғанын қалайды
«Астана Тазалық» қызметкерлерінің балалары арасында өткен байқау өз мәресіне жетті.
Халықаралық бал
аларды қорғау күні қарсаңында «Астана Тазалық» ЖШС ауласында әдеттегіден өзгеше көңіл-күй сезілді. Балалардың күлкісі, түрлі түсті қарындаштармен салынған суреттер көрмесі, мақтанышқа толы ата-аналар… Бұл – мекеме қызметкерлерінің балалары арасында ұйымдастырылған сурет байқауының қорытынды шарасы өтуде.
Байқау мамыр айының басында жарияланған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты – балаларды тазалық пен экологиялық мәдениетке баулу.
«Біз әрқашан еңбектің артында отбасы, бала-шаға тұрғанын жақсы түсінеміз. Осы байқау арқылы балаларға назар аударып, олардың шығармашылығын дамытқымыз келді», – дейді кәсіподақ төрайымы Сымбат Какимова.
Байқауға 100-ден
астам бала қатысып, 200-ден аса сурет келіп түскен. Әрбір жұмыс – автордың тазалық, қоршаған ортаны қорғау туралы түсінігінен туған шынайы шығарма.
«Менің суретімде Астана тап-таза. Көшеде қоқыс жоқ, бәрі тәртіппен жүр. Тазалық сақшылары өз жұмыстарын атқаруда. Мен болашақта да қаламыздың таза болғанын қалаймын», – дейді бас жүлде иегері, Ғабдуали Алимансур.
Жеңімпаздарға арналған сыйлықтар да лайықты болды. Бас жүлде — iPhone смартфонын иеленсе, басқа да жүлдегерлерге ойын консолі, велосипед және оқу құралдары тарту етілді.
Ата-аналар бұл бастаманы үлкен ризашылықпен қабылдады. Олардың пікірінше, мұндай шаралар балалардың шығармашылық қабілетін ғана емес, әлеуметтік жауапкершілігін де арттырады.
«Ұлым қоқыс
жайлы ойланып сурет салып жатқанына алғашында таңғалдым. Енді өзі көшеде бөтелке көрсем, көтеріп қоқыс жәшігіне тастайық дейді», – дейді қатысушының анасы.
Ұйымдастырушылар бұл байқауды дәстүрге айналдыруды көздеп отыр. Себебі тазалық тек ересектердің емес, балалардың да көзқарасынан басталатынына тағы бір мәрте көз жетті.
Балаларға базарлық мұнымен аяқталған жоқ. Бүгін «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерінің балалары Play Ville ойын-сауық орталығына саяхаттады. 200-ден астам бүлдіршін мерекені тойлап қана қоймай, жаңа достар тапты.
«Астана Тазалық» ЖШС баспасөз қызметі
Елорда күніне орай БАҚ өкілдері арасында «Таза Қазақстан-Таза Астана» байқау жарияланды
«Астана Тазалық» ЖШС БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында байқау жариялайды. Жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайды.
«Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауы республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы мен Астана күніне орай ұйымдастырылады.
Байқаудың мақсаты – Мемлекеттік «Таза Қазақстан» экобағдарламасы аясында Астана қаласының, оның маңындағы елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету, қоқыстарды жинау және шығару (көшелерді, жолдарды, алаңдарды, тротуарларды, жүретін жолдарды және басқа да қоғамдық орындарды қолмен және механикаландырып тазалау); «Астана Тазалық» қызметінің қалыптасуы, дамуы, жетістіктері мен келешегі туралы айту, сондай-ақ, қалада күн сайын тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ететін, Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәсіпорын қызметкерлеріне ерекше назар аудару қажет.
Байқауға қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен блогерлер қатыса алады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- «Үздік телевизиялық материал»;
- «Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым»;
- «Баспа басылымындағы үздік мақала»;
- «Интернет-басылымдағы үздік жарияланым».
Байқауға 2025 жылғы 15 мамыр мен 30 маусым аралығында мемлекеттік немесе орыс тілінде шыққан жұмыстар қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстар саны шектелмеген.
Жұмыстарды тәуелсіз комиссия бағалайды. Комиссия құрамына коммуналдық сала мамандары мен тәжірибелі журналистер кіреді. Қазылар алқасы төмендегі критерийлерге сүйене отырып бағалайды:
- берілген тақырыптың өзектілігі және сәйкестігі;
- тақырыпты ашу тереңдігі және ұсынылған ақпараттың шынайылығы;
- баяндау стилі;
- авторлық пайымның бірегейлігі.
Байқауға қатысу үшін материалдар келесі электронды пошта арқылы қабылданады: astana_tazalyk@mail.ru. Байланыс нөмірі: +7 700 259 2188.
Жұмыстарды қабылдау уақыты: 2025 жылғы 30 маусым, сағат 18:00-ге дейін (Астана уақытымен).
Байқау қорытындысы 2025 жылғы 3-4 шілде аралығында жарияланады.
Жалпы жүлде қоры – 4 миллион теңге.
«Астана Тазалық» ЖШС баспасөз қызметі
«Ұлттық киім – ел ажары»: «Астана Тазалық» жұмысшылары ерекше акцияға қатысты
Бүгін елордада Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен «Qamqor-Astana» қоғамдық қоры Наурызнама тұжырымдамасы аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай «Ашық алаң» ақпараттық-түсіндіру акциясын ұйымдастырды.
Бұл игі шара
ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен халықтың рухани мәдениетін нығайтуға бағытталды. Акция аясында елорданың тазалығына жауапты « Астана Тазалық» қызметкерлері де белсенділік танытып, ұлттық дәстүр мен киім үлгілеріне қатысты танымдық викторинаға қатысты. Қатысушылар қазақтың ұлттық мұрасы жөніндегі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталып, іс-шара ерекше әсерге толы болды.
Ұлттық киімді ұлықтау арқылы халықтың тарихи жады мен мәдени құндылықтарын жаңғыртуға бағытталған бұл бастама көпшіліктің көңілінен шығып, жылы қабылданды.
Кикбокстен өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері “Астана тазалық” мекемесінде жұмысшы болып істейді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтарының жылы»- деп жариялағаны баршаға мәлім. Мұндағы мақсат жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттау.
Наурыз айының
6-11 аралығында Италияның Лидо ди Езоло қаласында өткен әлем кубогынан қазақстан құрамасы қатысты. Аталмыш жарысқа 46 мемлекеттен 429 спортшы қатысып, жүлдеге таласты.
Сол жеңімпаздардың арасында біздің «Астана Тазалық» мекемесінде абыройлы жұмыс істеп жүрген Бибарыс Сауханбек те қола жүлде иегері атанып отыр.
Бибарыс Сауханбек – Кикбоксингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Кикбоксингпен айналысқанына 14 жыл болды.

Жетістіктері:
- Қазақстан чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы
- Анапа қаласында өткен Әлем кубогының жеңімпазы
- 2020 жылы Үндістанда өткен жарыстың жеңімпазы
- 2021 жылы Италияда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері
- 2023 жылы Португалияда өткен Әлем чемпионатының қола жүлдегері
- 2024 жылы Үндістанда өткен India Open жарысының жеңімпазы
- 2025 жылы Италияда өткен Әлем кубогының қола жүлдегері
Сонымен қатар, бірнеше халықаралық және республикалық турнирлердің жеңімпазы.
Осындай, үлкен жетістіктері бар жас спортшыны марапаттау үшін, «Астана Тазалық» мекемесінің Бас директоры Замир Садықұлы Бибарыстың иығыңа шапан жауып, пәтер кілтін алуға 10 млн теңгеге сертификат сыйлады.
- Күні бүгінге дейін аренада 130-дан астам кездесу өткізген чемпионымызды спорттағы жанкүйерлері «Сұлтан Бибарыс» деп атайды. Мысыр елін мойындатқан Бейбарыс бабаң секілді бүкіл дүниежүзіне қазақты таныт. Осы лақап атын жандандыру үшін Қазақ елінен қолдаушысы бар екенін танытатын, Тудың суреті бейнеленген шапанды иығыңа жабуды жөн санадық. Әр жекпе-жегінде артында елі оған үміт артып, қолдап отыр деген ниетте қабыл ал, – дейді «Астана Тазалық» мекемесінің бас директоры З.Сагинов.
Сонымен қатар, «Астана Тазалық» мекемесінде арнайы техника жүргізушісі болып қызмет атқаратын әкесі – Кенжежан Сауханбекұлына еліне деген патриоттық сезімі бар тұлға тәрбиелегеніне алғыс айтып, алғыс хат ұсынды.
Бибарыстың ағасы, Сауханбек Жансерік Кенжежанұлы да «Астана Тазалық» мекемесінде қызмет етеді және жастайынан еркін күреске қатысып, түрлі республикалық жарыстардың жүлдегері атанды.
Жұмыстың жаманы жоқ, кез келген еңбек – қадірлі. Ең бастысы, әркім жауапкершілікті терең сезініп, өз міндетін сапалы атқаруға тиіс. Сонда ғана еліміз дамудың сара жолына түседі.
«Астана Тазалық» баспасөз қызметі: +7 700 259 2188 – Қымбат
«Астана Тазалық»: Сарыарқа ауданында бір бригада 200-220 текше метр қар шығарады
Қыс мезгілі басталғанда, қала көшелерін тазалау жұмыстары күрделене түседі. «Астана Тазалық» компаниясы Сарыарқа ауданындағы қар тазалау жұмыстарын сапалы әрі тиімді атқарып келе жатқан бригадаларының еңбекқор қызметкерлерін мақтан етеді. Бұл жұмыс ауыр әрі күнделікті атқарылатын жауапкершілікті талап етеді. Сарыарқа ауданының қолмен тазалау шебері Гүльнара Қыдырбайқызының басшылығымен 23 адамнан тұратын бригада өз ісін мінсіз орындап келеді.
Гүльнара Нұрмышева бұл жұмыстың қаншалықты қиын екенін, бірақ оның мәні мен маңызын түсінетіндерін айтады. Оның айтуынша, күн сайын бригада мүшелері 200-220 текше метр қар шығарып, Сарыарқа ауданындағы үлкен аумақтағы көшелерді тазалайды. Олар өздеріне жүктелген міндетті үлкен жауапкершілікпен атқарады, себебі қар тазалау жұмыстарын тек қана физикалық күшпен орындап қана қоймай, қаланың барлық тұрғыны үшін қауіпсіз және ыңғайлы орта құру да олардың басты мақсаты.
Бұл жұмыс тек қарды тазалап қоюмен шектелмейді. Әрбір көшені, әрбір жолды таза әрі жүріп-тұруға ыңғайлы ұстау үшін қызметкерлер арнайы құралдармен, техникамен де жұмыс істейді. Мұндай жұмыс кез келген уақытта ауа райы күрт өзгергенде өте қиын болуы мүмкін, бірақ «Астана Тазалық» компаниясының қызметкерлері бұл қиындықтарды еңсере отырып, қаланың тазалығын қамтамасыз етеді. Күн сайын мыңдаған қала тұрғыны мен қонағы үшін таза және қауіпсіз орта қалыптастыру – олардың негізгі міндеті.
Гүльнара Нұрмышева: «Біз күн сайын жұмысымызды сапалы орындау үшін бар күшімізді саламыз. Қар шығару – бұл өте ауыр жұмыс, бірақ қаланың таза әрі қауіпсіз болуы үшін жұмыс істеймін. Біз тек қар тазалап қана қоймай, жолдарда пайда болуы мүмкін қиындықтардың алдын алуға да тырысамыз. Біздің жұмыстың нәтижесі қала тұрғындарының қауіпсіздігіне және жолдардың тазалығына тікелей әсер етеді.»
Компанияның басты мақсаты – қала тұрғындары үшін таза және қауіпсіз орта жасау. «Астана Тазалық» компаниясы өз қызметкерлерінің қажырлы еңбегін жоғары бағалап, олардың еңбегін құрметтейді. Қаланың тазалығына жауапкершілікпен қарайтын әрбір қызметкердің еңбегі өте құнды, себебі олар тек қана қаланың тазалығын сақтап қана қоймай, халықтың денсаулығына да өз үлестерін қосады.
Компанияның барлық қызметкерлері қаланың таза әрі қауіпсіз болуы үшін күрделі жұмыстар атқара отырып, астанамыздың көркін сақтап, өздері үшін және қала тұрғындары үшін мақтаныш сезімін оятады. «Астана Тазалық» өзінің барлық қызметкерлеріне, оның ішінде қар тазалау жұмыстарына жауапты бригадаларға үлкен алғыс білдіреді. Қаладағы тазалық пен қауіпсіздікті сақтауда олардың қажырлы еңбегі ерекше маңызды.












