«Аманат» партиясы «Астана Тазалық» мекемесінде түсіндіру жұмысын өткізді

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Астана Тазалық» мекемесінде жаңа Конституцияға енгізілген өзгерістер бойынша ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараға мәслихат депутаты Нұрлан Сүлейменұлы қатысып, реформалардың негізгі бағыттарын түсіндірді.

Кездесу барысында конституциялық реформалардың елдегі саяси жүйені жаңғыртуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге және азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіруге бағытталғаны атап өтілді. Сондай-ақ, Мәжіліс пен мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейту, партиялық жүйені дамыту және сайлау үдерістеріне енгізілген өзгерістер жөнінде кеңінен ақпарат берілді.

Жиынға қатысқан мекеме қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауап алды. Әсіресе еңбек адамдарының құқықтарын қорғау, әлеуметтік кепілдіктер және жергілікті деңгейдегі шешім қабылдау үдерістеріне азаматтардың қатысуы мәселелері талқыланды.

Шара соңында қатысушылар ел дамуына бағытталған реформалардың маңыздылығын атап өтіп, мұндай ақпараттық кездесулердің ұжымдар арасында жиі өткізілуі қажеттігін жеткізді.