8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Астана Тазалық» мекемесі әйел қызметкерлеріне арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Қаланың тазалығы үшін күн сайын еңбек етіп жүрген нәзік жандылардың құрметіне арнайы мәдени кеш өтті.
Мерекелік шара қалалық Жастар театрында ұйымдастырылып, сахнада арнайы қойылым ұсынылды. Театрландырылған бағдарлама көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.
Кеш барысында мекеменің әйел қызметкерлеріне гүл шоқтары мен сыйлықтар табысталып, олардың адал еңбегі мен қаланың көркеюіне қосып жүрген үлесі атап өтілді.
Айта кетейік, «Астана Тазалық» мекемесінде көптеген әйел қызметкерлер ер азаматтармен қатар еңбек етіп, елорданың тазалығы мен тәртібін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосып келеді. Мерекелік кеш жылы лебіздер мен көтеріңкі көңіл-күйге толы өтті.



