Конституция жобасы мемлекеттік органдардың есептілігіне қойылатын талаптарды күшейтеді. Билік қызметі қатаң түрде заң аясында және қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылуы тиіс. Лауазымды тұлғалардың қабылдаған шешімдері үшін жауапкершілік тетіктері бекітіледі. Бұл теріс пайдаланулар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға ықпал етеді.

 

Мемлекеттік басшы мемлекеттік билік жүйесінде маңызды орынға ие. Ол ел дамуының негізгі бағыттарын айқындайды. Оның билік органдарын құруға қатысуы заңмен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. Өкілеттіктер конституциялық нормалар аясында дәл және нақты іске асырылады. Бұл билік жүйесінің теңгерімділігі мен тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді.

Жаңа Конституция – ұзақ мерзімді өсу стратегиясы

Жаңа Конституция мемлекеттің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайды. Стратегияның негізінде білім беру, ғылым және инновациялар жатыр. Мемлекет адами капиталды қолдау тетіктерін қалыптастырады. Зияткерлік әлеует пен білім экономиканың басты ресурсына айналады. Технологияларды қолдау жаңғырту мен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал етеді. Конституция құқықтық тұрақтылықты және азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етеді. Мұндай тәсіл орнықты және әділетті дамудың негізін қалайды.

«Астана Тазалық» компаниясында қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту жұмыстары жалғасуда

IMG_3630

16 қаңтар күні Астанада «Астана Тазалық» компаниясы қызметкерлеріне арналған жатақхана үлгісіндегі пәтерлердің ашылуы өтті. Тұруға арналған бөлмелер бұрын әкімшілік-тұрмыстық кешен ретінде пайдаланылған ғимаратта дайындалды.

Өткен жылы компания қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бағытында жүйелі жұмысты бастады. Атап айтқанда, қызметкерлер жертөле орындарынан кеңсе ғимараттарына көшірілді, қызметтік пәтерлер беру қолға алынды, сондай-ақ Сарыарқа ауданы базасында жұмыс жалғасын тапты. Бұл шаралар кәсіпорынның әлеуметтік блогын нығайтуға бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі болып табылады.

«Астана Тазалық» компаниясы алдағы уақытта да әлеуметтік блокты күшейтіп, қызметкерлерін қолдауды және олардың еңбек етуі мен өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауды жалғастырады.                     

                                                                                                                                                                                                                                                                                                              «Астана Тазалық» ЖШС баспасөз қызметі

 

«Астана Тазалық» жаңа маусымға жаңашылдықпен қадам басты

Бүгін елордалық журналистер «Астана Тазалық» кәсіпорнының қыстық дайындық жұмысымен жақын танысу мүмкіндігін алды. Қар қалың түсетін, желі қатты Астананың қысы – коммуналдық қызмет үшін нағыз сынақ. Осы сындарлы кезеңге қалай дайындалғанын компания басшылығы ашық әрі жан-жақты көрсетті.

Пресс-турды ашқан Бас директор Замир Сагинов қала тазалығын қамтамасыз ететін жандардың еңбегін ерекше атап өтті:

«Қала таңын ашатын да, көшені қыстан аман алып шығатын да – осы еңбек адамдары. Қардың астында қалмайтын да, көктайғақта сүріндірмейтін де – олардың маңдай тері», – деді ол.

«Астана Тазалық» ЖШС-нің мәліметінше, биылғы қысқы маусымда қала көшелері мен жолдарын тазалау және күтіп-ұстау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Күн сайын желіге 700 жол жұмысшысы шығып, орта есеппен 408 арнайы техника бірлігі қар тазалау және ауа райының өзгеруіне жедел әрекет ету үшін дайын тұрады. Қажетті материалдар қоры да толық көлемде жинақталған. Қоймаларда 1 200 м³-ден астам құм, 4 400 тонна көктайғаққа қарсы қоспалар және 1 000 тонна реагент сақтаулы. Ал арнайы техниканың үздіксіз жұмысын қала бойынша орналасқан үш сұйық реагент құю пункті қамтамасыз етеді. Олар «Есіл», «Нұра», «Сарайшық», «Алматы», «Сарыарқа» және «Байқоңыр» аудандарына қызмет көрсетіп, астаналықтардың жолда алаңсыз қозғалуына мүмкіндік береді.

Пресс тур барысында кәсіпорынның негізгі цифрлық шешімдері таныстырылды. Оның орталық элементі – электрондық жол парағы жүйесі. Бұл жүйе нақты уақыт режимінде қай арнайы техника қай жерде жұмыс істеп жатқанын, оның жүріп өткен маршрутын, қанша реагент себілгенін және жұмыстың қай уақытта басталғанын көрсетеді.  Бұл тек бақылау құралы ғана емес, коммуналдық қызметтің ашықтығын арттыратын, жұмыстың тиімділігін бірнеше есе күшейтетін жаңашылдық. Бұл шешім қазіргі уақытта қаланың 393 арнайы техникасына енгізіліп, есептілікті автоматтандыру, ЖЖМ шығысының ашықтығы және тиімді маршруттық жоспарлау бойынша жоғары нәтижелер көрсетуде.

Кәсіпорындағы тағы бір заманауи жаңалық – көліктерге орнатылған жүргізушінің шаршауын бақылау жүйесі. Ол кабинаның ішіндегі барлық бұзушылықтарды тіркейді. Айталық, жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаса, маршрут ауыстырса немесе ұйықтап кетсе, жүйе бірден реакция білдіреді. Бұл апаттардың алдын алып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге елеулі үлес қосады.

Жаңартылған демалыс және тұрмыстық бөлмелер

Өткен жылы «Астана Тазалық» кәсіпорны жол жұмысшыларына арналған демалыс пен тұрмыстық бөлмелерді күрделі жөндеуден өткізді. Бұл жоба Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен іске асырылып, қызметкерлердің күнделікті еңбек жағдайын едәуір жақсартуға мүмкіндік берді. Кәсіпорын Есіл және Нұра аудандарында орналасқан жалпы аумағы 1000 шаршы метрге жуық 10 бөлмені жаңартып, толыққанды тұрмыстық инфрақұрылым қалыптастырды. Бұрын жұмысшылар тар әрі қолайсыз жертөле типтес бөлмелерді пайдалануға мәжбүр болса, бүгінде 200-ден астам жол қызметкері жарық, кең, заманауи демалыс орындарын күнделікті қолдана алады.

Бұл бөлмелер жұмысшылардың жылынып, тынығып, келесі ауысымға дайындалуына арналған барлық жағдаймен жабдықталған.

 

Қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету

Әлеуметтік қолдау шараларының маңызды бағытының бірі – қызметкерлерді баспанамен қамтамасыз ету. Осыған орайда кәсіпорын бірқатар нақты жобаларды іске асырып, 10 бір бөлмелі және екі бөлмелі қызметтік пәтерді, сондай-ақ 80 орындық жатақхананы пайдалануға берді. Бүгінде алғашқы жеті қызметкер жаңа пәтердің кілтін алып, қоныстойын тойлауда.

Жаңа баспананың игілігін көріп отырғандардың қатарында – кәсіпорында бес жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан арнайы техника жүргізушісі Бақытжан Абдуалиев бар. Оның ұлы мен бауыры да «Астана Тазалық» құрамында қызмет етеді, яғни бұл отбасының бірнеше мүшесі қаланың тазалығы үшін кү

н сайын еңбек етеді. Компания тек тәжірибелі мамандарды ғана емес, жас кадрларды да назардан тыс қалдырмайды. Жақында үйлі болғандардың арасында ұйымға бір жылдан астам уақыт бұрын келген жас жүргізуші Еркін Қадырбай да бар. Екі баласын тәрбиелеп отырған ол үшін бұл қолдау – үлкен демеу.

Замир Сагиновтың айтуынша, жұмыскерлерге жасалған қамқорлық – бір реттік акция емес, кәсіпорын стратегиясының негізгі бөлігі: «Қалаға қамқорлық ең алдымен осы жұмысты күн сайын атқарып жүрген адамдардан басталады. Әр қызметкер құрмет пен қолдауды сезінуі тиіс», – деді ол.

«Астана Тазалық» ЖШС баспасөз қызметі

 

Автомобиль көлігі қызметкерлері күнімен!

«Астана Тазалық» мекемесінің қызметкерлері кәсіби мерекеге орай еңбектері еленіп, марапатталды.

Олардың адал еңбегі мен жауапкершілігі – қаламыздың тазалығы мен тәртібінің кепілі.

Құттықтаймыз! Жолдарыңыз ашық, еңбектеріңіз табысты болсын!

 

Республика күнімен!

Бұл мереке – ел бірлігі мен еңбектің, тәуелсіздік пен татулықтың символы.

Бүгін «Астана Тазалық» қызметкерлері адал еңбегі мен қаламыздың тазалығына қосқан үлесі үшін әкімдік тарапынан марапатталды.

Қаламыздың көркі мен тазалығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген әріптестерімізге алғыс білдіреміз!

Тәуелсіз еліміздің гүлденуіне қосқан еңбектеріңіз жемісті болсын!

Қала әкімінің орынбасары «Астана Тазалық» ЖШС-нің қысқы кезеңге дайындығын тексерді

Астанада коммуналдық қызметтердің қысқы маусымға дайындығы жалғасуда.
Қала әкімінің орынбасары Ерсін Өтебаев «Астана Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барып, кәсіпорынның күрделі ауа райы жағдайында жұмыс істеуге дайындығымен танысты.

Аралау барысында техниканың жағдайы мен жөндеуден өткен өндірістік базаларды көрді.
Сондай-ақ кәсіпорын басшылығымен қарды дер кезінде тазалау және жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, «Астана Тазалық» – елордадағы тазалық пен тәртіпті сақтауға жауапты негізгі құрылымдардың бірі. Сондықтан оның техникалық және кадрлық дайындығы ерекше маңызға ие.

— Ең бастысы – техниканың толық жарамды болуы және қызметкерлердің үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасалған.
Сіздердің еңбектеріңіз қала тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, — деді Ерсін Өтебаев.

    Бүгінде кәсіпорында цифрлық бақылау жүйелері енгізілуде.
Барлық техника заманауи GPS-терминалдармен, жанармай деңгейін өлшейтін ДУТ датчиктерімен (датчик уровня топлива) және жолдағы нақты жұмысты көрсететін сенсорлармен жабдықталған. Сонымен қатар жүргізушілердің тәртібі мен қауіпсіздігін бақылауға арналған жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйесі де іске қосылған.

Электронды жол парақтары арқылы техниканың қозғалысы, жанармай шығыны, жұмыс уақыты мен медициналық тексеру нәтижелері бір жүйеде біріктірілді.
Бұл – ашықтықты арттырып, отын үнемі мен тиімділікті қамтамасыз ететін маңызды қадам.

Қысқы маусымда қала тазалығын қамтамасыз етуге күн сайын жүздеген жол жұмысшысы мен арнайы техника жұмылдырылады.
Жалпы ұзындығы 370 шақырымнан асатын 200-ден астам көше тазаланады.

 

“Астана Тазалық” қызметкері Астана қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды!

“Астана Тазалық” мекемесінің санитарлық тазалау учаскесінің жол жұмысшысы Күлпейсова Марал Айтбайқызы 2012 жылдан бері табысты еңбек етіп келеді. Биыл оның кәсіпорында қызмет етіп жүргеніне 13 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде ол өз ісіне деген адалдығы мен жоғары жауапкершілігінің арқасында ұжымда зор беделге ие болды.
Күлпейсова Марал Айтбайқызы — еңбекқорлығы, тиянақтылығы және өз міндетіне ұқыптылығымен ерекшеленетін білікті маман. Ол қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету ісінде үлкен үлес қосып, елорданың таза әрі көркем бейнесін қалыптастыруға сүбелі еңбек сіңіріп келеді.
Көпжылдық адал еңбегі мен кәсібилігі жоғары бағаланып, Республика күні қарсаңында Астана қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат — оның еңбегіне берілген әділ баға әрі қызметіне деген құрметтің айқын көрінісі.
“Астана Тазалық” ұжымы Марал Айтбайқызын марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта да зор денсаулық, отбасылық береке және еңбекте жаңа жетістіктер тілейді!

Құрметті абыз ақсақалдар, асыл әжелер!

                                              

 

«Қарты бар үй — қазыналы үй» дейді дана халқымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз, парасатты пікірлеріңіз, берер тәлім-тағылымдарыңыз бәрінен қымбат екенін айқындайтын ой.
Бүгінгі сәтті пайдалана отырып, абыз ақсақалдарымыз бен асыл әжелерімізді айтулы мерекелерімен құттықтаймын.
Қашанда аман, қуанышта жүріңіздер!

Құрметпен, “Астана Тазалық” З.Сағынов
ЖШС Бас директоры