💢 “Астана Тазалық”: қыс мезгілінде арнайы қар тазалау техникалары сипаттамасы туралы

“Астана Тазалық” компаниясы қала көшелері мен жолдарын қардан тазарту үшін заманауи техникалар мен құрал-жабдықтарды қолданады. Бұл техникалар тиімділік пен жылдамдықты арттыруға бағытталған. Қар тазалауда қолданылатын негізгі техникалар:
– Қар тазалайтын әрі сыпыратын машиналар:
Бұл техника тротуарлар мен көшелердегі қар мен мұзды жинап, арнайы контейнерлерге тасымалдау үшін қолданылады.
– Қар сүргіш тракторлар:
Жол жиегіндегі қарды жылдам әрі тиімді тазалап, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
– Фронтальды тиегіштер:
Қарды тиеуге және оны арнайы полигондарға тасымалдауға арналған.
– Құм шашатын техникалар:
Қыс мезгілінде мұз қату қаупін азайту үшін жолдарға құм мен арнайы мұз ертітетін қоспаны себеді.
– Қар таситын жүк көліктері:
Жиналған қарды қала сыртына немесе арнайы полигондарға тасымалдайды.

“Астана Тазалық” компаниясы жылдың төрт мезгілінде үздіксіз жұмыс істеп, қаланың көркеюіне орасан үлес қосуда және магистральды жолдар мен негізгі көшелер тазалығын қамтамасыз етеді.

“Астана Тазалық” ЖШС: Арнайы техникаларды таныстыру

Бүгін елорда әкімдігі ғимаратының алдында Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек “Астана Тазалық” ЖШС ұйымының арнайы техникалары мен негізгі қызмет барысымен танысты.

 

“Астана Тазалық” ЖШС кәсіпорнының жалпы қызметкерлер саны — 1773 адамды құрайды. Оның ішінде 627 жол жұмысшылары, жүргізушілер мен машинистер – 742 адам.

Техникалар паркіндегі жалпы дайындық 95% құрайды. Қысқы маусымда қар шығару үшін қосымша 250 самосвал тартылды.

Дайындалған материалдар:

– Қармен күресу материалы — 8500 м³;

– Жанар-жағармай материалдары — дайындық 100%.

“Астана Тазалық” ЖШС-нің бас директоры Замир Садықұлы Сағынов қыс мезгілінде базада 385 техника бірлігі бар екенін атап өтті. Сондай-ақ биыл жаңа техника сатып алынғанын және кейбір жабдықтар жалға алынғанын мәлімдеді:

  1. CJSS SCHMIDTH — 5 бірлік;
  2. SNOWBUSTER — 1 бірлік;
  3. СНП (қар тазалағыш техника) — 18 бірлік;
  4. КДМ VOLVO негізінде* — 2 бірлік;
  5. PONY-P4 (жалға алынған) — 10 бірлік;
  6. КДМ FAW негізінде (жалға алынған) — 10 бірлік.

Сондай-ақ, ол 8 КДМ үшін бюджеттен қаражат бөлінгенін және олардың 2-і Алматы қаласында, 1-і жолда екенін атап өтті.

Бұл техникалар әмбебап болып табылады: қыс кезінде олар қар тазалау үшін КДМ ретінде, ал жазда жол жуу үшін пайдаланылады.

“Биыл біз алғаш рет PONY-P4 техникасының 10 бірлігін жалға алдық  , олар жыл бойы қолдануға арналған әмбебап көмекшілер. Қыс кезінде олар қар тазалау үшін КДМ ретінде, ал жазда жол төсемінен шаң мен қоқысты тазалау үшін пылесос ретінде пайдаланылады”, — деді Замир Сағынов.

Сонымен қатар, ол 1 бірлік Snowbooster техникасының да жалға алынғанын атап өтті.

“Жаз мезгілінде FAW негізіндегі КДМ жол жуу жүйесімен жабдықталады. Техника жағынды жабдықтармен, соның ішінде қаршық, щетка және реагент тарату құралдарымен жабдықталған”, — деп атап өтті.

 

 

 

«Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды

2024 жылдың 18 желтоқсанында, сағат 11:30-да Rixos President Astana қонақүйінің «Шаңырақ» конференц-залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 33 жылдығын мерекелеу аясында ұйымдастырылған «Таза Қазақстан – Таза Астана» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында өтті және экологиялық мәселелер мен қаланың тазалығын қамтамасыз ету тақырыбын қоғам назарында ұстап, журналистік еңбектерді ынталандыруды мақсат етті.

«Байқауға 60-тан астам журналист пен блогерлер қатысып, 100-ден астам материалдар ұсынылды. Бұл – «Астана Тазалық» ұйымы өткізген бірінші байқау үшін тамаша көрсеткіш. «Таза Қазақстан» акциясын қолдау мақсатында көптеген материалдар жарияланды. Бұл – үлкен оқиға, және біз мұндай байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізуімізді жоспарлап отырмыз», – деді «Астана Тазалық» ЖШС директоры Замир Садықұлы Сагинов.

Байқау жеңімпаздары келесі номинациялар бойынша анықталды:

 «Үздік телевизиялық материал»:

І орын — Томирис Біләл, «24 KZ» телеарнасы;

ІІ орын — Карима Садуақас, «Qazaqstan» телеарнасы;

ІІІ орын — Мөлдір Сыздықбаева, «Хабар» телеарнасы;

ІІІ орын — Ерланова Дильназ, «Астана» телеарнасы.

«Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым»:

І орын — Тимур Асылханов;

ІІ орын — Назым Болесова;

ІІІ орын — Данияр Сейсенбаев;

ІІІ орын — Аршат Оразов.

«Баспа басылымындағы үздік мақала»:

І орын — Райхан Рахметова, «Астана Ақшамы» газеті;

ІІ орын — Кәмила Дүйсенова, «Айқын» газеті;

ІІІ орын — Шернияз Жалғасбекұлы, «Заң» газеті;

ІІІ орын — Бақытбек Қадыр, «Egemen Qazaqstan» газеті.

 

«Интернет-басылымындағы үздік жарияланым»: 

І орын — Мақпал Орынбекқызы (творческий псевдоним: Жібек Есім), Baq.kz;

ІІ орын — Сабина Кәкімжан, Elordainfo.kz;

ІІІ орын — Ләззат Салимова, Nur.kz.

Номинациялардан бөлек, «Астана Тазалық» ЖШС Бас Директорының атынан «Ең үздік креатив» үшін Арнайы сыйлықтар келесі БАҚ өкілдеріне табысталды:

* Мөлдір Молдағалиева, «24.kz» телеарнасы;

* Ажар Лаубаева, «El.kz» ақпараттық порталы;

* Құрманғали Қалмахан, «Turaninform.kz» ақпараттық сайты;

* Мария Конюхова, «Elordainfo.kz» ақпараттық порталы;

* Даля Насипова, «Almaty» телеарнасы;

* Екатерина Тыщенко, «Вечерняя Астана» газеті;

* Оксана Даирова, «Комсомольская правда» газеті;

* Лаура Тусипбекова, «КП в Казахстане» газеті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар, «Астана Тазалық» ЖШС брендтік сыйлықтары және ақшалай сыйлықтар табысталды.

«Астана Тазалық» футзал командасы Спартакиадада жүлделі орынға ие болды

🥳«Астана Тазалық» футзал командасы Спартакиадада жүлделі орынға ие болды

🔥 Астана қаласының коммуналдық қызмет мекемелері арасындағы Спартакиада қызу жалғасуда.

⚽ Футзал (кіші аяқдоп) бойынша шешуші ойында біздің команда «Elorda Eco System» командасымен кездесті.

Ойын нәтижесінде «Астана Тазалық» ұйымының құрамасы 7-4 есебімен жеңіске жетіп, жүлделі III орынды иеленді.

Әріптестерімізді бұл жеңісімен құттықтаймыз және жаңа белестерді бағындыруларыңызға тілектеспіз!💐

📎 Айта кетейік, мұндай спорттық шараға “Астана Тазалық” құрама командаларының белсенді түрде қатысуын ұйымдастырған Кәсіподақ комитетінің де қолдау көрсетуі маңызды.

 

🌟 “Астана Тазалық” — елорданың тазалығы мен жайлылығының кепілі 🌟

📅 KAZTRAFFIC көрмесіне шақырамыз
28-29 қарашада, 1002 стенд — бізбен кездесіңіз!

📍 Компания туралы:
“Астана Тазалық” — Қазақстандағы ең ірі коммуналдық компаниялардың бірі, күн сайын мыңдаған қызметкеріміз қаланың 453 км көшелерінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді.

👷‍♂ Біздің команда:
Компанияда 2 мыңға жуық қызметкер бар, оның ішінде жол жұмысшылары, арнайы техника жүргізушілері мен инженерлік-техникалық қызметкерлер. Әр қызметкеріміз қаланың жайлы әрі таза болуы үшін өз үлесін қосады.

🚜 Арнайы техника:
500-ден астам заманауи арнайы техника: қар тазалау, суару, тиеу машиналары және тағы басқа құралдар жұмыс тиімділігін арттыруға және экологияға жағымды әсер етеді.

💼 Әлеуметтік қолдау:
Біз қызметкерлерімізге толық әлеуметтік пакет, тұрғын үй, оқыту, біліктілігін арттыру және тасымалдау қызметтерін ұсынамыз. Компания қайырымдылық жобалары мен спорттық іс-шараларға белсенді қатысады.

💡 Инновациялар және жоспарлар:
Қызмет сапасын арттыруға және экологияны қорғауға бағытталған инновациялық шешімдерді енгізудеміз. “Астана Тазалық” қаланың көркейуінде маңызды рөл атқарады!

#kaztraffic2024 #astana #exibition #expo #Астанатазалық #ТазаҚазақстан #АстанаТазаҚала #ЖасылҚазақстан #Экология #Kaztraffic2024 #Көрме #Астана

№6 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат Разбекова Ләззат Мұратқызы «Астана Тазалық» ұйымының жұмысшыларымен кездесу өткізді.

🔹№6 сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат Разбекова Ләззат Мұратқызы «Астана Тазалық» ұйымының жұмысшыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, жұмысшылар кандидатқа өз сұрақтарын қойды.

Айта кету керек, №6 округ халқының 40%-ын қарапайым еңбек адамдары мен жұмысшы мамандары құрайды. Разбекова өз сөзінде Президенттің «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидаларын басшылыққа ала отырып, жұмысшы мамандардың үнін билікке жеткізуді басты мақсат етіп қойғанын атап өтті. Кандидаттың басты ұраны – жұмысшылар мен билік ар асында алтын көпір болу.

.

 

 

🧑‍🎨 «Астана Тазалық» балаларға арналған сурет байқауын қорытындылады

🔷 Астана, 2024 жыл 17 қазан. Республика күніне орай ұйымдастырылған «Астана Тазалық» ұйымы «Таза қала – Астана» тақырыбында балалар сурет байқауының нәтижесін жариялады. Бұл бастама балаларды қоршаған ортаны қорғауға баулу, тазалықты сақтау, және туған жерге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерді нығайту мақсатында ұйымдастырылған.

👨‍👨‍👧‍👦 Сурет байқауына 4 және 16 жас аралығындағы серіктестік қызметкерлерінің балалары қатысты. Байқау екі номинация бойынша өтті: «Астана – болашақтың әлемі» және «Менің тереземнен көрінген әлем». Балалар байқауға әртүрлі стильде орындалған шығармаларын ұсынды. Оның ішінде HiTech, техно және ғарыш тақырыптарындағы туындылар ерекше көзге түсті. Бұл жұмыстар заманауи балалардың шығармашылық ойлау қабілеті мен болашаққа деген көзқарасын айқын көрсетіп, қазылар алқасының таңданысын тудырды.

Марапаттау рәсімінде «Астана Тазалық» компаниясының бас директоры Сагинов Замир Садықұлы балаларды марапаттап, жарқын болашақтарына сәттілік тіледі.

Байқау қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

«Астана – болашақтың әлемі» номинациясында жүлделі орынға ие болған балалар:
• 1 орын – Габдуали Алимансур Ерланұлы
• 2 орын – Муса Мерей Мақсатқызы
• 3 орын – Арин Мадияр Асқарұлы.

«Менің тереземнен көрінген әлем» номинациясы бойынша:
• 1 орын – Амангалиева Илана Айбековна
• 2 орын – Бағыт Бағыткүл Әбікешқызы
• 3 орын – Сахабай Марлен Хасыдолдаұлы, Алтынбек Мухамедәлі, Байахмет Айзереге табысталды.

🎊 Барлық қатысушылар байқауға белсенділік танытып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін паш етті. Кәсіподақ комитеті төрағасы Сымбат Хайроллақызының ұйымдастыруымен бүлдіршіндерге тәтті дастарқан жайылып, аниматорлар балаларға қызықты ойындар өткізді. Байқау қатысушыларына сыйлық сертификаттары, ойыншықтар табыс етілді.

📌 Бұл шара балалардың экологиялық сана-сезімін арттыруға және өнер арқылы туған жерге, Астана қаласына деген құрметті ұялатуға бағытталған маңызды қадам болды. Аталған байқауды ұйымдастыруда Кәсіподақ комитетінің қолдауын ерекше атап өту керек.

 

«Астана Тазалық» компаниясына қатысты форсайт-сессия өтті

Бүгін 16 қараша, «Астана Тазалық» компаниясы “Көшелерді тұрақты күтіп ұстау” мәселесіне арналған форсайт-сессия өткізді. Іс-шараның мақсаты – қаланы тазалау жұмыстарының сапасын арттыруға арналған жаңа идеяларды талқылау, тиімді шешімдерді іздеу және компания қызметін одан әрі жетілдіру.

Форсайт-сессияға BI Group құрылыс холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев қатысып, қаланы тұрақты дамытудағы жеке тәжірибесімен бөлісті. Ол мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, урбанизация жағдайындағы инновациялық тәсілдердің рөлі туралы пайымдады.

Сонымен қатар, «Астана Тазалық» компаниясының бас директоры Сагинов Замир Садықұлы бұл іс-шараның компанияның дамуы үшін үлкен мүмкіндік екенін түсіндірді. Ұйымның даму жолында қолдануға болатын тиімді тәжірибелерді атап өтті.

Шарада Назарбаев Университетінің азаматтық құрылыс және қоршаған ортаны қорғау кафедрасының доценті, техника ғылымдарының кандидаты Чанг-Сон Шон да баяндама жасады. Ол қар мен мұзды тиімді басқару жолдарын, сондай-ақ көктайғаққа қарсы жаңа реагент материалдарын қолдану мүмкіндіктерін көрсетті.

Іс-шара барысында бизнес-ментор Терекұлов Ержан қатысушылармен бірге жаттығулар мен брейн-шторм ұйымдастырды.

Әкімшілік-басқару персоналы қала көшелерін тиімді күтіп ұстауға бағытталған нақты ұсыныстарын жасап, болашақтағы жоспарларды талқылады.

Айта кету керек, осындай іс-шаралар қаланы тазалау жүйесін жетілдіруге арналған маңызды қадамдардың бірі. Форсайт нәтижесі бірінші кезекте ұйымның жұмыс сапасын арттыруға, сондай-ақ қала тұрғындарының өмірін жайлы етуге бағытталған.

 

«Астана Тазалық» Республика күнімен құттықтады

    «Астана Тазалық» ЖШС қызметкерлерді Республика күні мерекесімен құттықтады. Серіктестік директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Ерлан Бақытұлы, қала тазалығын қамтамасыз етуде үздіксіз еңбек еткен мамандарға алғысын білдірді. Құттықтау сөзінде ол ұжымға сәттілік тілеп, еліміз үшін атқарылып жатқан қызметтерінің маңыздылығын ерекше атап өтті.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз жолдауында 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялай отырып, “Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек” деген тұжырымды ұсынды. “Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс” қағидаты еңбекқорлық пен кәсібилікті бағалауға бағытталған. Өз кәсібін шебер меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Біз еңбек адамының мәртебесін көтеру жұмыстарын жалғастырамыз,” – деді Президент өз жолдауында.

    Республика күні мерекесі 1990 жылдың 25 қазанында Қазақ ССР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғаннан бастап тойланып келеді. Бұл мереке еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің басты символы болып табылады.

    «Астана Тазалық» ЖШС атынан барша қазақстандықтарды Республика күні мерекесімен құттықтаймыз! Егемендігіміз тұғырлы, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!

 

#АстанаТазалық #ТазаҚазақстанЭкологиялықАкциясы #АстанаТазаҚала #Эк ология #ЖасылҚазақстан #РеспубликаКүні

«Астана Тазалық» ЖШС жол жұмысшысы III дәрежелі “Еңбек даңқы” орденімен марапатталды

     Астана қаласының әкімі Жеңіс Махмудұлы Қасымбек “Астана Тазалық” ЖШС жол жұмысшысы Бибігүл Төлегенқызы Мақұлбековаға мемлекеттік ІІІ дәрежелі “Еңбек даңқы” орденін табыстады.

    Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырылған шарада қаланың дамуына, көркеюіне және тазалығын сақтау жұмыстарында үлес қосып, еңбек сіңірген әртүрлі саланың бірқатар мамандарына марапаттар табысталды.

    «Еңбек даңқы» орденімен өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және басқа да салалардың жұмысшылары мен қызметкерлері кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда жемісті ұзақ жұмыс істегені үшін, сондай-ақ өндірістегі жоғары көрсеткіштері, еңбек өнімділігінің өсуіне және өнім сапасын жақсартуға, ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал еткені үшін марапатталады.

ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденінің иегерлері мәртебесі бойынша «Қазақстанның Еңбек Ері» наградасымен теңестіріледі.

    Бибігүл Төлегенқызы Мақұлбекова – «Астана Тазалық» ЖШС-де 2008 жылдың 1 қазанынан бері қызмет етіп келеді. Негізгі міндеті – «Сарыарқа» ауданы санитарлық тазалау учаскесінде жол жұмысшысы ретінде тазалықты қамтамасыз ету. Жалпы еңбек өтілі – 38 жыл. Қажырлы еңбегінің арқасында жауапты жұмыскер ретінде танылып, қызметіндегі міндеттерін сапалы орындап келеді. Әріптестер арасында да үлкен сый-құрметке ие. 

    Ағымдағы жылдың көктемінен бастап елімізде “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық акциясы өтуде. Акцияның мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастырып, “адал адам – адал еңбек – адал табыс” құндылығын дәріптеу.

    Бибігүл ханымның бұл жетістігі – ұжымның барша еңбекқор қызметкерлеріне үлгі. Еңбек сүйгіш Бибігүл Төлегенқызы – біздің ұйымның нағыз мақтанышы!

“Астана Тазалық” ЖШС атынан Бибігүл ханымды жаңа жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

    

#АстанаТазалық #ТазаҚазақстанЭкологиялықАкциясы #АстанаТазаҚала #Экология #ЖасылҚазақстан #РеспубликаКүні #еңбекдаңқытөсбелгісі